Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция басқармасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Игі бастама Қазақстан полициясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Салтанатты жиынға тәртіп сақшыларымен қатар аудан активі, тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, ішкі істер саласында қызмет істеген аға буын өкілдеріне арналған кітап жарық көрді.
Полиция мерекесіне арналған бұл шарада ордабасы ауданының прокуроры Каукен Нәрікбаев, сот төрағасы Алтай Өміртайұлы Қазақстан полициясына 30 жыл медальімен марапатталды. Күні түні басын қауіп қатерге тігетін бұл мамандықта жұмыс істеуге кез-келген адамның батылы бара бермейді. Қырағылықпен төзімділікті талап ететін бұл салада тек білектіде жүректі азаматтар еңбек ете алады. Ішкі істер саласының қызметкерлерін Ордабасы ауданының әкімі Батыршаев Бағлан Құттықтап оларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, мереке қарсаңында 1968 жылы салынған полиция учаскесі күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. Мекеменің астыңғы қабатындағы уақытша ұстау изоляторы қайта жасақталған. Сондай-ақ бұрын болмаған, жиналыс өткізуге арналған мәжіліс залы іске қосылды.
ҒАЛЫМЖАН ҚУАНЫШБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Осы аудандық әкімшіліктің қолдауымен ауқымды қаражат бөлініп күрделі жұмыстарын жүргізді. Бөлімімізге адамдар келген уақытта қолайсыз жағдай болатын. Соларға ыңғайлы болу үшін арнайы күту залын аштық. Қыста жылы болу үшін. Онда теледидар бар. Оларға ыңғайлы жағдай жасап бердік.
Салтанатты шарада кітаптың тұсауы кесілді. Бұл кітаптың ерекшелігі Ордабасы аудандық полиция департаментінде еңбек сіңірген аға буын өкілдері жайлы жазылған. Бұл естелік кейінгі жас мамандарға үлгі болады деген сенімдеміз дейді Ғалымжан Қуанышбаев.
️