Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

247
12.07.2022 06:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады. Президентке Әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселесі мен жұмыспен қамту жайы баяндалды. Министр Мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, әлеуметтік қызмет көрсету порталын дамыту жоспары жайында айтты. Сондай-ақ, Президент көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Одан өзге, Тоқаев жұмыспен қамту бағдарламасының тиімділігін арттыру керектігін айтты. Тіпті әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.  

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

- Әлеуметтік кодексті даярлау аяқталды. Қазіргі таңда 80-нен артық кодекстерге  және заңдарға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Ең негізгі мәселе әлеуметтік кодекстеу. Ол қазақстандық отбасылардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Сондықтан қазіргі таңда жасалынып жатқан қосымша заңдарда қазақстандық отбасылардың цифрлық картасын жасау, жастарды жұмыспен қамту әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін одан ары тереңдету және ішкі сыртқы миграциялық саясатқа байланысты өзгерістерді енгізгелі отырмыз.