Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 млрд. теңге тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында баяндады. Бұл – жер учаскелерін инвестициялық жоба желеуімен сату, аффилирленген тұлғаларға активтерді арзандатып сату үшін конкурстан тыс беру сияқты әрекеттер. Корпорациялар тарапынан үлестес компанияларға несие беріліп, міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізілмеген. Аталған фактілер бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді. Шығын 7 млрд. теңгеден асты, - деді Олжас Бектенов.
️