Түркістан облысында ірі қараны жеңіл көлікпен ұрлаған азамат ұсталды

304
09.07.2022 06:06

Ірі қараны жеңіл көлікпен ұрлаған күдікті ұсталды. Құқықбұзушылықты Түркістан облысы Созақ ауданының полицейлері рейдтік шара барысында анықтаған. Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта тәртіпті күзеткен пагондағылар сағат түнгі үштің шамасында өздеріне күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақшы болған. Онысына жұлдызды жігіттер мүмкіндік бермепті. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды. Анықталғандай, сиыр ұрланған болып шықты. Тиісінше ұрлаған бөтеннің мүлкі айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша жүргізілуде.