Түркістанға шет елден келуші туристердің саны артты

350
09.07.2022 05:55

Жыл басынан бері рухани астанаға 1000-ға жуық шет елдік турист келді. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда едәуір өскен. Оған шекарадағы карантиндік талаптардың жеңілдеуі себеп. Ал, жалпы Түркістанға табан тірегендердің саны жарты жылдық қорытындысы бойынша 385 мыңнан асқан. Бұл туралы әкімдіктің «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев  мәлімдеді. Сондай-ақ  туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 32 азамат арнайы курстан өткен. Осы мамандықта оқитын студенттерді салаға тарту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.