Жаңа жағажайға қоғамдық көлік қатынайды

331
09.07.2022 05:50

Түркістан қаласы маңындағы Шаға елдімекенінде 2022 жылдың 8 шілдесінде жаңа жағажайдың ресми ашылу салтанаты өтеді. Жаңа демалыс орнының пайда болуына байланысты арнайы қоғамдық көлік қатынайтын болады. Ол «Түркістан-Шаға» ауданаралық бағытының кестесіне енгізіліп отыр.  

Алғашқы рейс Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары маңынан сағат 10:00-де шығып, 11:20-да жағажайдан шығып кетеді. Екінші рейс «Қуаныш» базары маңынан сағат 16:00-де шығып, 17:20-да Түркістан қаласына қайтады. Алдағы уақытта да аталған бағыттағы қоғамдық көлік ұдайы қатынайтын болады.