Түркияда Түркістан мейрамханасы ашылды

558
08.07.2022 07:03

Түркияда 100 адамға арналған мейрамхана ашылды. Данияр Ахтаев есімді отандасымыз мейрамханаға түркі әлемінің астанасы «Түркістан» деген атау берген. Ұлттық нақыштағы мейрамхана Ыстамбұл қаласындағы «Қазақстан» сауда орталығы жанынан салынған. 

Мұнда келген қонақтарға қымыз, қымыран, бешбармақ, сірне, қуырдақ пен ыстық бауырсақ ұсынылады. Қазақтың ұлттық тағамы мен салт-дәстүрін танығысы келген шет ел азаматтары, сонымен қоса, елді сағынған түркиядағы қандастар дәм тата алады. Мейрамхана іші есіктен төрге дейін  ұлттық салт-дәстүрлерімізді көрсететін өю-өрнекпен  безендіріліп, ғимараттың ортасына шаңырақ бейнеленген.игі істің ашылуы салтанатты түрде өтті. Ерекше дизайндағы мейрамханаға қазақстаннан құттықтап барған өнер иелері  әнмен шашу шашып, домбырамен күй төкті.