Бәйдібек ауданында алғашқы адамдардың қолданған заттары табылды

525
08.07.2022 06:43

Қаратаудың Тұттыбұлақ үңгірінде 48 000 жыл бұрын тіршілік болды десе сенесіз бе? Сенбесеңіз айтайық дәл осы үңгірден қазақ жеріндегі ең көне экспонаттар табылды.  Археологтар мен ғалымдар тас ғасырының жәдігері деп болжап отыр. Бір анығы мұнда 48 000 жыл бұрын тіршілік болғандығы. Оны неміс ғалымдары айтып отыр.  

ЖӘКЕН ҚОЖАХМЕТҰЛЫ, ҰҒА АКАДЕМИГІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- «Тübingen»  университетінің ғалымдарымен. Оның ішінде Америка, Германия сияқты елдердіңде археолог ғалымдары бар. Қазба жұмыстары әлі де жалғасады.

Абай Мәмен тюбинген университетінің студенті. Қазақтың қаршадай ғана ұлы дәл қазір Германияда білім алуда. Шет елде жүрседе туған жерінің тарихын зерттеуде. Бозбала Тұттыбұлақта тіршілік 48 000 жылдан ары болуы мүмкін дейді. 

АБАЙ МӘМЕН, «TÜBINGEN» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Менімен қатар тағы онға жуық студент дәл қазір осы Тұттыбұлақты зерттеудеміз. Мен өзім осы қазба жұмыстары бойынша бір аптадан кейін дессертация қорғаймын.

Ғалымдар үңгірдегі тіршілікті топырағы мен күл қалдықтары арқылы анықтапты. Бұл көрсеткіш әлемдік сенсациялық жаңалық, әрі қазақ археологтарының нағыз ғылыми жетістігі деуге болады. Оған себеп, ерте дәуірдегі топырақ қалдықтарының жасын цифрландыру тәжірибесі әлемде ең алғаш рет жүзеге асты. Ғылыми жаңалықтың нәтижесіне қол жеткізу бір жыл бойы жүргізілді.

ЖӘКЕН ҚОЖАХМЕТҰЛЫ, ҰҒА АКАДЕМИГІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Бұл басы ғана. Біз алдағы уақытта Жамбыл облысында да қазба жұмыстарын жүргіземіз. Өткен жолы Сайрам-Өгем шатқалына барып қайттым. Ол жерденде тынысы ашылмаған том тарих жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін  Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында тас құралдары мен қырғыштар, адамның жақ сүйегі табылған болатын. Жақ сүйек алғашқы адам болуы да мүмкін.  Биылғы зерттеу нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылысқа тән адамның бас сүйек бөліктері, оның ішінде азу тісі және аюдың тісі мен өзге де аңдардың қаңқа қалдықтары анықталған.