Рұқсат етілмеген жерде шомылғандарға қарсы рейд жүргізілді

259
08.07.2022 06:26

Биылдың өзінде Түркістан облысында 9 адам суға кетіп, қаза болған. Өкінішке қарай, оның жетеуі бала. Төтенше Жағдайлар Департаментінің мәліметінше, мерт болғандардың барлығы да суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған. Аталған олқылықтың алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері рейд өткізді. 

Түркістан облысының аумағында 112 суға шомылуға қауіпті аймақ бар. Оларда 170-тен астам белгі орнатылған. Алайда азаматтар ережені елеместен ол аймақтарда суға түседі. Осының алдын алуға байланысты Төтеншеліктер азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

АСАНҒАЛИ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Мынау Түркістан қаласы аумағында ағып өтетін каналдар мен атыздарда, Қарашық өзені және Оранғайда түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жас балалардың су қауіпсіздігі ережелерін сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау керек.

Арнамыздың түсірілім тобы төтеншеліктермен бірге Сауран ауданындағы Қарашық өзені бойындағы рейдке қатысты. Өзен жағасына төтеншеліктердің жеткені сол еді, Бір микроавтобус лық толы тұрғындар кезікті. пагондағы азаматтарды көргеннен болар, олар дереу қаша жөнелді. Алайда,  Мамандар оларды тоқтатып әңгімеге тартып, демалушыларға жадынама таратып, су қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.