Өскеменде интернет арқылы синтетикалық есірткі сатып келген 11 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Наша нарығы арқылы нәпақа тапқандар бұл үшін арнайы сайт ашып, жасырын жолмен тапсырыстар қабылдаған. Қылмыстық топ «ICQ» messenger жабық хат алмасу жүйесін пайдаланған. Бұл желі «WhatsApp» және «Viber» байланысына қарағанда жоғары дәрежеде қорғалған. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлеріне із кесу оңай болмапты. Күдіктілер сенімді адамдарын пайдаланып, таблетка түріндегі есірткіні айналымға шығарып, синтетикалық есірткінің пұлын электрондық KIWI әмиян арқылы қабылдап отырған. Cайт арқылы есірткі сатқан 11 адам қолға түсті. Топ мүшелері тегіс қамауда.
Арнайы операция кезінде олардан синтетикалық есірткінің 220-дан астам дозасы мен мен экстазидің 80 таблеткасы тәркіленген. Ішкі істер қызметкерлері қылмыстық топтың ұйымдастырушысын, тұрақты тұтынушыларды да ұстаған.
️