Түркістанда заңсыз көші-қон мәселесі өршіп тұр

293
07.07.2022 06:39

Түркістандық Прокурорлар Заңсыз көші-қон проблемасы өршіп тұр-деп дабыл қағуда. Бұл жөнінде құқықтық тәртіп және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.  Соңғы  5 айдың ішінде,  өңірімізде 11 мыңнан астам келімсек анықталған. Олардың көбі ресми тіркеуден өту үшін жалған медициналық анықтамалар ұсынғаны белгілі болды. Сорақысы соңғы екі жылда Мигранттардан 500 млн теңгедей салық сомаларынан кіріс болмаған. Ал 2020-2022 жж аралығында 300ден астам гастрабайтер қылстық құқұық бұзушылық жасаған. Ал Облысқа маусымдық жұмыс күшін тартуға иммигранттарға 20000 астам бірлік белгіленген.

Күнкөріс қамымен біздің елге келгендердің көбі - Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінің азаматтары. Полицейлердің айтуынша, жаз уағында заңсыз мигранттар құрылыста еңбек етеді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында істейді екен.  Ал өкініштісі Өңір бойынша 34 мың адам жұмыссыз. Шет елдіктердің ағылып келуі, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге кері әсерін тигізуде.