«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған арендалық тұрғын үйді сатып алуға салынған тыйымның заңнамаға қайшы тұстары бар. Мемлекеттік бағдарлама бойынша арендалық тұрғын үй алған адамдарға оны сатып алуға рұқсат берілмейді. Ал заң бойынша коммуналдық үйді сатып алуға тыйым салынбаған. Бүгін үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осы мәселені көтеріп аталған қайшылықтарды реттеуді тапсырды.
Айта кетейік, «биыл республика бойынша 15,1 млн шаршы метр немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарлануда. Оның 90 мыңы көпқабатты, 47 мыңы жеке тұрғын үй. Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты шеңберінде 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - деді Қайырбек Өскенбаев
️