Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

224
05.07.2022 07:47

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен өңірдегі Жаңаталап елдімекенінің Наркөшкен , Серуен көшелеріне асфальт төселуде. Құрылыс тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған. Бұл мәселе ауыл тұрғындарының жергілікті атқарушы орган басшыларымен кездесуінде көтерілген болатын. Айта кетейік алдағы уақытта Құркелес ауылдық округі бойынша, 27 көшенің 26,8 шақырымына асфальт және шағал төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.