Кентау қаласында жолдар жөндеуден өтуде

219
05.07.2022 07:40

Түркістан облысы Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы 10 көшені орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жолдарды Жаңғырту  «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 5 жарым шақырымды құрайтын көшелер тегістелуде. Жалпы жол құрылысы осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Еске салсақ, өткен жылы дәл осы бағдарлама аясында бірнеше көшеге жөндеу жүргізілген еді. Нақтырақ айтсақ, Хантағы ауылының 6 көшесі орташа жөндеуден өтті. 

САПАРҒАЛИ БАЛТАБАЙ, ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫН ҚАДАҒАЛАУШЫ:

- Қазіргі таңда Хантөбе 1, Хантөбе 2 көшелеріне жолдың негіздері жасалынып, сол дайын көшелерге асфальт салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Хантөбе 1 көшесінде асфальтті салып бітірдік. Енді Хантөбе 2 көшесі 501 метрді құрайтын ені 4 жарым метрді құрайтын көшенің асфальт салу жұмыстары жүргізілді.