Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді

299
05.07.2022 07:25

Алдағы уақытта еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Синоптиктердің болжамынша өңірлерде Оңтүстік циклонның әсерінен күн күркіреу күтілуде. Тіпті солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аумағында дауыл тұрады. Түркістан облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін. Ал кезекті суық Солтүстік-батыс антициклоны елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, — деп ескертеді метеорологтар.