Сауран ауданында домбыра күні тойланды

438
05.07.2022 07:17

Шілденің алғашқы жексенбісі – ұлттық домбыра күні. Қазақилықтың қайнар көзіне айналған киелі аспап қашанда құрметке лайық. Атаулы датаны Сауран ауданы ерекше стильде атап өтті. Табиғат аясында 30-күйші бірдей күй тартып, Қаратаудың аспанынын домбыраның үнімен толтырды. 

САЙЛАУХАН ЕСБОЛАТҰЛЫ, САУРАН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Біз бірінші домбыраның қайдан шыққанын көрсеткіміз келді. Сал-серілердің, қазақтай елдің домбыраға неге құмар болғанын жұртқа жеткізе алдық деп ойлаймын.

Шара барысында Сауран ауданы «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясының биылғы жалғастырушысы болып танылды. Эстафетаны Түлкібас ауданы табыстаған. Естеріңізге сала кетейік акция былтыр Тәуелсіздігіміздің 30жылдығына орай Түлкібаста бастау алған болатын. Биыл, Сауран ауданына қарасты Бауыржан Момышұлы мектебінің домбыра үйірмесіне 50 домбыра сыйға тартылды.

Айта кетейік, былтырғы домбыра күнін Саурандықтар таң бозымен таласа қарсы алған болатын. Биыл мерекені күнмен бірге шығарып салды. Аудан басшылығы ұлттық құндылығымызды дәріптейтін мұндай мерекелер алдағы уақытта да кең көлемде аталып өтеді дейді.