Балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

257
05.07.2022 06:52

Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Ал шығынды мемлекет өтейді. Биылдан бастап ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға осындай жеңілдік беріліп отыр.  Ішкі туризмді дамытуға арналған бағдарлама 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бағдарлама аясында саяхатшыларға бірнеше талап қойылады. Мәселен, ресми туроператордан ел ішінде демалуға арналған туристік пакет сатып алу қажет. Ұшатын бала 2-17 жас аралығында болуы керек. Сондай ақ, кәмелетке толмаған жолаушының қасында ата-анасы, жақын туыстары болуы міндеттеледі. Балалар еліміздің кез келген жеріне ұшып баруға болады. Ал бағдарлама қатысу үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Жалпы, ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері 307 бала отбасымен бірге демалатын жерге тегін ұшып барған.