Түркістандағы қоғамдық көлік жүргізушілеріне рейд жүргізілді

199
05.07.2022 06:29

Түркістандық полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтады. Бұл бар болғаны 4 тәуліктің ішінде жұмыстың нәтижесі. Тарқатып айтсақ, 1412 әкімшілік құқық бұзушылықтың алтауы жылдамдықты асыру. Сондай-ақ ұялы телефон қолданғаны үшін 289, сақтандырусыз автокөлік жүргізгені үшін 51 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 62 жүргізуші рұқсат етілмеген маневр жасаймын деп ұсталған. 

Тексеру барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің 216 заң бұзушылығын, 70 тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау дерегін, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпеген 32 жайтты анықтады. Ал айыппұл тұрағына 40 автокөлік қойылды.