Сауран ауданындағы көпсалалы колледж білікті мамандар дайындауда

212
04.07.2022 06:33

Сауран ауданына қарасты  Иқан ауылындағы колледжден бірнеше мамандықты меңгеріп шығуға болады. Көпсалалы оқу орны 2001 жылы 26 қазанда ашылған. Қазір мұнда 300-ден аса студент білім  алады. Онымен қоса, оқушылардың 75 пайызы шәкіртақымен қамтамасыз етілген. 

СЕВАРА КАМЕЛ, СТУДЕНТ:

- Биылғы 10 айлық курс ашылған, 10 ай бойы оқып келе жатырмыз. Соңғы емтиханымызды тапсырып жатырмыз. Қазірге дейін Азия, Еуроазия тағамдарды үйрендік. Жалпы алғанда тамақтардың түр-түрін үйрендік. Бос уақытымызда тортты да істетік. Түрлі ұлттық тағамдарды үйрендік. Бұл жерде көбірек тағам түрлерін үйрендік.

20 жылдық тарихы бар  колледжде бірінші рет  3 курстарға қорытынды аттестау тесті өткізілді. Аспаз және құрылыс шебері бойынша демонстациялық емтиханды 20 студент  тапсырды. Оқу орнының басты мақсаты мамандарға заман талабына сай білім беріп, басекеге қабілетті қызметкер етіп даярлау.

СЕРІК ҚАНАТҰЛЫ, КӘСІПТІК ОҚУДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда жалпы 335 студент оқып жатыр. Соның бүгінгі таңда бітіп жатқаны 2021-2022 жылғы оқу жылын 99 студент. Олар  ғимараттық құрылыс салу, тамақтану, ұйымдастыру, электр жағдықтары, механика, трактор машинасы біліктілігі бойынша 99 студент бітіріп жатыр.