Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан «Тау шыңы» балалар лагері жаңа маусымды сән-салтанатпен бастады. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, лагерге келгендерге жақсы демалып қайтуды тіледі. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақбала Құлымбеттің айтуынша демалыс орнында қазір 125 бала бар. «Балалар жылы» аясында күзге дейін лагерьге мың бала тегін қабылданады деп жоспарланып отыр.
️