Мәдениет және спорт министрі түркістандық тұрғындармен кездесті

534
04.07.2022 05:38

Министрлер еліміздегі барлық ауыл аймаққа барып есеп беру керек. Себебі билік басындағылар халықтан алшақ болмауы тиіс. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.  Осы мақсатта Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістанға келді. Сапары барысында тұрғындармен кездесіп, министрліктің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Мәдениет министрі киелі шаһарға келудегі басты мақсаты ел тұрғындарымен жүздесу. Сондай ақ, жаңа, саяси мәдениетті қалыптастыру. Киелі өңір тұрғындары көкейтесті сауалдарын қойып, ашық пікір талас өткізді. Алғашқы сауалды театр әртісі қойды. 

ҒАЛЫМЖАН ЖАКИПОВ, Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

- Жыл сайын мемлекеттік марапатқа Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы театр әртістері ұсынылып, мараптталып жатады. Ал шалғайда жатқан әртістер тасада қалып жатады. Жастары 50-ге тақап қалса да ешқандай атақтары жоқ. 

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

- Бізде жалпы наградалар бойынша жылына 7-10 адам береміз жыл сайын. Бірақ басқа өңірдегі әртістер тыс қалып жатыр деген соң біз биыл Президенттің рұқсатымен 45 адамға бердік. 40-50 жыл стажы бар. Осы салады жүрген азаматтарға біз «Мемлекеттік қайратакер» атағын бердік. 

Юнесконың бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген бірегей сәулет ескерткіші құлауға шақ тұр. Тарихи кешен маңын аббаттандыру салдарына сыйқы кеткен. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қатысты осы сынды ақпараттар жиі шығып жүр. 

Тұрғындар арасындағы сан сауалдың ішінде қаралымы көп ток-шоулар жайы сөз болды. Сексенді алқымдаған әже қазақтың менталитетіне жат дүниелер бізге қажеті жоқ екенін айтып, «жабылсын» деп кесіп айтты. 

Абаевтың киелі шаһарға сапары халықпен кездесумен  шектелмеді. Өңірдің киелі нысандарымен танысып шықты. Сондай ақ,  тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.