Дәурен Абаев Төлеби ауданына іс-сапармен барды

282
04.07.2022 05:13

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Төлеби ауданына да арнайы іс-сапармен барды. Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Ондағы қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалап, жас таланттардың туындыларына жоғары баға берді. Сондай-ақ қазақ ұлттық гобелен өнерінің негізін қалаушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларының мән мағынасына қанықты. Ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін өнерімен паш еткен қылқалам шеберінің есімі еліміздің ұлттық қолданбалы өнері тарихында әрқашан көшбастаушы ретінде қалатыны анық.