«Түркістанды көргім келеді» мегажобасының қатысушыларын жоғары деңгейдегі қонақжайлықлық күтіп тұр. Мұндай мүмкіндікті Түркістандағы бес жұлдызды риксос қонақүйі ұсынады. Атаулы бағдарламаға демеушілік етіп, қала қонағын қуана қарсы алмақ.
Премиум санаттағы спа орталық, джакузи мен жылы бассейн, Орта Азия және Еуропаның ас мәзірі. Риксос қонақүйінің Түркістанды көргім келеді жобасының қатысушыларына ұсынған қызмет түрі осындай. Риксос Түркістан - алғашқылардың бірі болып қолдау білдірген бірегей демеуші.
БАУЫРЖАН АЛИМОВ, RIXOS TURKISTAN ҚОНАҚҮЙІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
- Біздің қонақүйімізде 3 конференция зал, және үлкен бір балл залымыз қызмет көрсетеді. Және де 2 мейрамхана, 24 сағат жұмыс істейтін барымыз бар. Сонымен қатар, 2300 шаршы метрді құрайтын спа орталығымыз қонақтар үшін жұмыс жасайды. Қонақүйімізге көбінесе Орта Азия мемлекеттерінен көбірек келеді.
Өткен жылдың соңында тұтынушыларға есігін айқара ашқан қонақүй 7 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы 30 мың 200 шаршы метр. Жайлы қонаүйде 175 маман қызмет көрсетеді. Білікті кадрларды жинақтаған Риксостың қызметкерлерге қоя талабы жоғары. Шет тілінде еркін сөйлейтін жас мамандарға мүмкіндік те қарастырылған.
БАУЫРЖАН АЛИМОВ, RIXOS TURKISTAN ҚОНАҚҮЙІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
- Қаламыздағы халықаралық қазақ – түрік университеті мен туризм университеттері өздерінің бағдарламаларына сәйкес тәжірибеден өтеді. Осы тәжірибенің қорытындысы бойынша үздік өткен студенттер осы жерге әрі қарай жұмысқа орналасып, тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. Мейрамхана бөлімі, фронт офис, бөлме тазалау, аспаз бөлімінде тәжірибе жинақтайды.
Айта кетейік, Түркістан телеарнасының төл туындысы, «Түркістанды көргім келеді жобасына » өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Алғашқы іріктеуден 5 адам өтеді. Олар рухани астананың туристің нысандарын аралап, өз ойларын бейнеролик арқылы жеткізеді. Ең үздік тұшымды оймен әсерін білдіргендердің онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Ұсынылған материалдар арасындағы үздік жұмыс нәтижесінде 3 жеңімпаз іріктеліп алынады. Оларға арнайы жүлде қоры қарастырылған.
️