Райымбек Сейтметов театры 22 маусымын аяқтады

718
01.07.2022 06:43

Түркістан қаласындағы Райымбек Сейтметов театры өзінің 22 маусымын аяқтады. Театр ұжымының соңғы қойылымы Фараб кітапханасында өтті. Сахнада «Ана жүрегі» драмасы қойылды. 

Күрделі жөндеуге байланысты театр ұжымы соңғы қойылымын Фараб кітапханасында өткізді. Маусымның соңғы спектакль ретінде Байғали Есеналиевтің «Ана жүрегі» драмасы көрермен назарына ұсынылды.

Көремендер қойылымды ерекше ықыласпен қабылдады. Сахнадағы актерларға тіпті қойылым уақытында жарықтың сөніп қалуыда ешқандай әсер етпеді. Ал залға сыймаған кейбір көрермендер баспалдақтарда отырып спектакльды тамашалады.

Театр ұжымы өзінің 22 маусымын өте сәтті аяқтады. Оның барысында театр ұжымы Румынияда өткен «Babble Fest» фестивальне қатысып қайтты. Одан бөлек көптен күткен театр ғимаратын күрделі жөндеуден өткізілуде.