Биыл колледж студенттеріне рекордттық көлемде грант бөлінген

301
01.07.2022 06:28

9-сынып түлектері 100% тегін колледждерде білім алады. Бұл  «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде алдағы 3 жылға дейінгі қолға алынатын бастама. Осы мақсатта орта білімнен кейінгі ұйымдарда оқимын дегендерге  облыста 17000 балаға грант бөлінді.  Брифингте осылай деген адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы тегін оқу 15%-ға артқанын алға тартады. Ал республика бойынша грант көлемі рекордық көрсеткішке яғни 128 мыңға жеткен. Айта кетерлігі, колледждерге құжатты қабылдау 25 маусымнан басталып 2 ай ішінде жүргізіледі.  

ДІНИСЛАМ БОЛАТХАНҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік  грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Биылдан бастап талапкер өз таңдауын екіден артық емес рет өзгертуге мүмкіндік қарастырылған. Жас буынды кәсіби бағдарлау мақсатында SmartNationCollege платформасында BTSEducation сайтына сілтеме орналастырылып, кәсіби диагностика тапсыру мүмкіндігі берілген. Аталған диагностика балалардың қызығушылықтары арқылы жеке дара ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандықтарды айқындайды.