Қазығұрт ауданында 2 ауылға ауыз су тартылды

492
01.07.2022 06:15

Қазығұрт ауданында бір күнде екі бірдей ауыл тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізді. Сөйтіп ауданда халықтың орталықтандырылған тіршілік нәрімен қамтылу көрсеткіші 93 пайызға жақындады. Ал, ауылдардың құбырмен қамтылуы 86 процентке жетті. Айта кетерлігі, аудандағы 61 елді мекеннің бүгінде 54-іне ауыз су жүйесі тартылған. Ал, қалған елдімекен тұрғындарын таза ауыз сумен қамту үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде.

Шанақ  ауылдық округіне қарасты Ызабұлақ елді мекенінде 27 отбасы бар. Сондағы 180 тұрғын талай жылдан бері тіршілік нәрінен тапшылық көріп келген еді. Бұл маңда жер асты суы терең әрі кермек болғасын халық ауыз суды тасып ішетін. Енді міне ол қиындық артта қалды дейді жұрт. Өйткені мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл тәулік бойы ағатын таза ауызсумен қамтылды.

НӘПБАЙ ИМАНӘЛІ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Бүгін ақтүйенің қарны жарылып, елімізге су беріліп жатыр. Аудан әкімі Арман Абдуллаев өзі бастаған ісін аяқтап, бүгін лентамызды қиып, ашып беріп отыр. Жаңа Қазақстанға тұспа-тұс елімізге су ашылып, былтырғы жылы басталып, биылғы жылы бітіп, ашылу салтанаты болып отыр.

Шанақ бектінің тұрғындарына  таза ауыз сумен қамту үшін өткен жылы 165 млн теңге бөлінген. Айта кетерлігі, аудандағы 61 елді мекеннің  бүгінде 54-іне ауыз су жүйесі тартылған. Айтып өтейік екі ауылға да су тарту жұмыстарын бір мердігер мекеме жүргізді. Енді, құрылыс сапасына  бес жылға дейін бақылау жасайтын болады.

ӘСКЕР БАРАТҰЛЫ, МЕРДІГЕР: 

- Өткен жылы 2021 жұмыс басталған.Өңір екі ауыл болып бөлінген. Бірі 12 үй арғы жағыда 15 шамасы 30 үй су толығымен жеткізілді. Қазір қуанышты жағдай ауыл тұрғындарына  талай жылдап бері ешқандай су жүйесі болмаған. Енді толық қамтамыз етіп, жеткізіп беріп отқан жайымыз бар. Бұл енді қуанышты жағдай.

Ауыз су мәселесімен қатар ауданда енді халықты көгілдір отынмен қамту ісіне басымдық берілуде. Енді ауылға магистральді газ құбырын жеткізу жұмыстары  жүргізілуде.