Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округінде екі бірдей мектептің құрылысы басталды. Соның бірі Қызылжар елді-мекенінде бой көтерген 300 орындық білім ордасы. Бұған дейін ауыл балалары 1968 жылы салынған ғимаратта оқып келген. Жаңа мектептің құрылысы 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Мекеме толықтай заман талабына сай жабықталады дейді жауапты сала мамандар. Бұдан бөлек Төрткүл ауылы ПМК аумағында да 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
АЙБОТА АБДОЛЛА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Бізге жаңа мектеп қажет еді. Ауылда 2мыңнан астам тұрғын бар. Бұған дейін ескі мектеп қолайсыздық тудыратын.
️