Доллар бағамы өсті

277
30.06.2022 10:31

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE). 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,65 теңгеге көтеріліп, 470,34 теңгеге тең болды. Доллардың 30 маусымдағы ресми бағамы – 465,08 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,5 теңге, сату – 469,12 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,09 теңгеден сатып алынып, 466,05 теңгеден сатылып жатыр.

Рубльдің орташа бағамы 8,89 теңге болды. Бір күн бұрын Ресей валютасының бағамы 9,1 теңге шамасында бекітілген болатын.