Елорда дүкендерінде 10 млн теңге айналымы бар заңсыз терминалдар анықталды. Қаржы Мониторингі Агенттігінің қызметкерлері рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Іс нәтижесі бойынша заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды. Заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгеден асып отыр. Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ – ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
- «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучинск ауданын қоспағанда, ҚР аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынады. Сондай-ақ, заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік бар.
️