Түркістан облысында 3 мыңға жуық бала жұмыс істемейтін балабақшаға тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. Ведомства басшысының дерегінше, мониторинг қорытындысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне және Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Айта кетсек, Түркістан облысында 1-6 жас аралығындағы 5 145 бала балабақша кезегінде тұр. Олардың ішінде 3-6 жас аралығындағы 2 245 бала бар.
️