Президент Қасым Жомарт Тоқаев Түрікменстан Ұлттық кеңесі Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
Ашхабадқа жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, Түрікменстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан Алтыншы Каспий саммитіне ерекше мән беретінін жеткізді. Қазақстан Президенті саммиттің нәтижесі Каспий маңы мемлекеттерінің достық пен тату көршілік байланыстарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетініне сенім білдірді.
️