Түркістан облысында 2022 жылдың соңына дейін жалпы құны 74 млрд. теңгенің құрайтын 13 жоба іске қосылады. Іске асырылған жағдайда 1000-нан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы Облыс әкімнің міндетін артқарушы Арман Жетпісбаймен бірге жеке кәсіпкерлердың отырысында айтылды.
Инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға бағытталған. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында да айтарлықтай динамика байқалады. Қазір облыста арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «TURAN» халықаралық арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
МЕЙІРБЕК ҚАСҚЫРБАЕВ, «RZN» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Жобамыздың жалпы көлемі 2,5млрд теңге. Түркістан өңірінің бізге ұнаған ерекешелігі билік пен бизнес арасындағы байланыс. Осы мәселе бізге қатты ұнады. Себебі бұл ешкімге ешқандай жағымпаздық емес. Бірақ айту керек, биліктің бизнесті қолдауыға деген көз қарасы өте жақсы.
️