Мұғалімдерге таптырмас мүмкін. Түркістан облысындағы ұстаз тапшылығын шешу мақсатында қолға алынған жоба жалғасуда. Ол бойынша үздік педагогтерге лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығын өтеу қарастырылған. Жобаның алғашқы аптасының өзінде 800-ден астам өтініш түскен. Айта кетейік, құжаттар 2022 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады. Конкурс екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу және эссе жазу. Тестілеу мен эссе жазу үміткердің таңдауы бойынша компьютер немесе жазбаша форматта қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді.
️