Өскеменде бетперде киген қарулы ер адам жанар-жағармай құю бекетіне шабуыл жасаған. Белгісіз біреу қарумен қорқытып, инкассаторлық сөмкеден 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Оқиғаның қалай болғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Жедел іске кіріскен тәртіп сақшылары 40 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ұрланған ақша ер адамның көлігінен, ал қару үйінен табылған. Кейіннен тапаншаның ойыншық екені белгілі болыпты. Енді күдіктің қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
️