Pfizer-ге вакцинасы таусылуда

158
29.06.2022 11:29

Алматыда Pfizer BioNTech (Комирнати) вакцинасына сұраныс артты. Алайда қалада бұл вакцинаның тек 9 951 дозасы қалды (бір адамға арналған). Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

2021 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін Алматыға COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының 380 250 дозасы жеткізілді.

"Мамырдан бастап көптеген ел шекарасын ашқандықтан бұл вакцинаға сұраныс өсті, себебі оған ДДСҰ сертификат берген. Көп елдің талабы - Pfizer-дің екі компонентінің болуы. Қазақстанда Pfizer-мен жаппай вакцинациялауға 2022 жылдың наурызында рұқсат берілді", - деді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтығандар саны артты. 

Бұған дейін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев неге дәл қазір ревакциналау маңызды екенін айтқан болатын.