Қазақстанда күн салқындайды

393
29.06.2022 11:17

Синоптиктер 30 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК орталығы.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

"1 шілдеде шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы болажанады", - делінген хабарламада.