Доллар бағамы қайтадан өсті

243
29.06.2022 10:46

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды  Қазақстан қор биржасы (KASE).

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,78 теңгеге көтеріліп, 465,08 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 29 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 459,64 теңге, сату - 465,31 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 460,13 теңгеден сатып алынып, 463,74 теңгеден сатылып жатыр.