Түркістан телеарнасының журналистері қандай мәселелердің шешілуіне атсалысты?

536
29.06.2022 10:12

Елдің мұңын мінбердегілерге жеткіземін деп жан ұшыратын жампоз журналист үшін ең үлкен марапат халықтың алғысы екені сөзсіз. «Түркістан» телеарнасы құрылғанына бір жылдан енді ғана ассада талай түйткілді мәселенің шешімін табуға сеп болды. 

Телеарна жұмысының қызығымен қиыншылығыда қатар жүреді. Түркістанныңда бір жылдың ішінде елді алаңдатқан талай мәселегі түйін қойғанын жұрт көрді. Мәселен былтыр туған баласын сатпақ болған көкек ананың алдын кесіп, сәбидің өмірін сақтап қалдық. Жыр болған Шәуілдір мен Түркістанды жалғайтын жолдың құрылысынада сеп болдық. Жазықсыз жаза арқалап, полицейлерден жәбір көрген жандардыңда өміріне араша болдық. Тіпті күл-қоқыстың астында қалған елдің базынасын айтып, шенділердің көңіліне жақпай қалыпта жаттық. 

Тілшілер туралы «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» деп ел бекер айтпаса керек. Шындық үшін шырылдап, әділетсіздікке жол бермеуге тырысатын әрбір журналист халықтың есінде мәңгі қалатыны сөзсіз.