Оралда көшелерді су алды

190
04.06.2021 11:03

 Оралда бұрын-соңды болмаған нөсер жауып, соның кесіренен көшелерді су алып кетті. Тұрғындардың тізеге дейін жететін суды кешіп жүрген әуесқой бейнетүсірілімдері желілерде әп-сәтте тарап үлгерген. Мамандардың айтуынша, жауын-шашынның мөлшері 48,5 миллиметр болған. Қолайсыз ауа райына байланысты тіпті жарық сөніп, қала қараңғылық құшағында қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл әрекетке көшіп, су басу қаупі төнген үйлерге көмек қолын созды. Алайда жағдай әлі тұрақталған жоқ. Синоптиктер облыста әлі бірнеше күн бойы жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжап отыр.