Түркістан қаласының әкімі БАҚ өкілдерін мерекесімен құттықтады

688
29.06.2022 06:44

Түркістан қаласының әкімдігі де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен естен шығармады. Олармен шаһар басшысының орынбасары Ерлан Күзембаев арнайы кездесіп, сый-құрмет көрсетті. Өңірдің дамуына үлес қосып жүрген ақпарат саласының қызметкерлеріне әкімнің алғыс хатын табыстады. 

ЕРЛАН КҮЗЕМБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 28-маусым БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесіне орай, осындай кездеу алаңына өзіміздің жергілікті және қала аумағында жұмыс жасап жатқан, ақпараттық саласының  қызметкерлерін шақырып, керемет кездесу өткіздік. Ұсыныс пікірлер айтылды. Алдағы уақытта солардың бәрін ескеріп, басшылыққа алып жұмыс жасайтын боламыз.

Жиын еркін форматта өтті. Осыны пайдаланған журналистер қауымы қала аумағында қордаланған мәселелерін ортаға салып, жауапты органдардан жауап алып қалуға тырысты. 

АҚМАРАЛ ҒАНИҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бүгінгі таңда халықпен билік арасында дәнекер көпір болып жүрген журналистика саласының мамандарын елеп ескеріп,  кәсіби мерекелерімен  құттықтап жатыр. Осы  Түркістанның дамуы жолында, рухани шаһардың түрлену жолында, осы қалам иелері сүбелі үлес қосып келе жатыр деп ойлаймын. Барша әріптестерімді осы айтулы датамен құттықтай отырып, қаламдары қарымды, жазарлары тек қана ақиқатпен шындық болсын дегім келеді.