Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

155
29.06.2022 06:36

28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады.  Ақпарат саласында жұмыс істеу үлкен мәртебе екендігін жеткізген Президент отандық баспасөздің ел тұтастығын нығайту жолында елеулі рөл атқаратынын атап өтті. Сондай ақ, Тоқаев әрбір отандасымыздың алдында Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұрғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, журналистердің мақалалары мен сюжеттері осы бастамаға үлес қосуы тиіс. Сондықтан кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар,- деді Президент. 

ҚАСЫМ–ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға.