Өңірде 500-ге жуық қару-жарақ иелері тексерілді

294
29.06.2022 06:19

Түркістан облысының полицейлері 500-ге жуық қару иелерін тексерді. «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген тексерудің мақсаты – облыс аумағында атыс қаруын тәркілеу, сақтау ережелін қадағалау. Мәселен Ордабасы ауданының құзырлы орган өкілдері 5 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Нақтырақ айтсақ, 2 азаматқа қаруды сақтау мерзімі өткені үшін , үш тұрғын қаруды сақтау ережелін сақтамағаны үшін хаттама толтырылды. Осы ретте погондылар тұрғындарға заңсыз қару сақтаудағы қару жарақ пен оқ-дәрілерді ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру керектігін ескертеді.