Түркістан облысында бетонға қыстырылған 7 жастағы бала құтқарылды

280
29.06.2022 06:16

Түркістан облысында 7 жастағы қыз бала су толтырылған ыдысқа кіріп, шыға алмай қалған. Оны жақындары өздері құтқармақ болған, алайда, бұл мүмкін болмаған соң көмекке төтеншеліктерді шақырған. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға Жетісай ауданының Атакент елді мекенінде болған. 

Ата-ана қарауынсыз қалған қыз бала су құйылған алюминий құтыға денесімен кіріп, қыстырылып қалған. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облыстық ТЖД-ның 4 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 12:30-да арнайы құрылғы арқылы контейнерді кесіп, баланы жарақатсыз алып шығып, ата-анасына тапсырды.