UFC рейтингінде Шавкат Рахманов үздік ондықта

760
28.06.2022 10:55

UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылғындыру әдісімен жеңді. Бұл ол жігіт үшін UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңіс.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға - 12-орынға түсті.