Доллар бағамы төмендеді

193
28.06.2022 10:49

Теңге бағамы нығайды, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE) 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,89 теңгеге төмендеп, 456,05 теңгеге тең болды. Доллардың 28 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы - 454,91 теңге, сату - 459,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,34 теңгеден сатып алынып, 457,13 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 8,64 теңге болды. Бұл ретте рубльдің 28 маусымдағы ресми бағамы 8,66 теңге болып белгіленген.