Бәйдібек ауданында жалғызбасты әйел баспаналы болды

256
28.06.2022 09:39

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тағы бір отбасы баспаналы болды.  Бұл жолы мұқтаж жандарға  Харекет қайырымдылық қоры қол ұшын созаған. Қордың құрылғанына небәрі 5 жыл болған. Содан бері 678 жанға бақыт сыйлап, пәтер кілтін табыстап үлгерген. 

Қордың қайырымдылығын көргендердің бірі – Нурила Елбекова. Жалғызбасты ана бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұрған. 4 бала тәрбиелеп отырған ананың бақыты еселенгендей. Мұны жүзіндегі ерекше сезім мен қуаныш лебінен анық байқауға болады. 

НҰРИЛА ЕЛБЕКОВА, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА:

- Ең әуелі Алладан бастағым келіп отыр. Алланың қалауы деп білемін. Одан кейін «Қарекет» қорының басшысы Гүлмира Мұқанқызына алғысымды білдіргім келеді. Одан соң Шаян елді мекенінің азаматтарына алғысымды білдіремін. Аудан, ауыл әкімшілігі қолдарынан келген көмекті аяған емес. Баспалын болуды ойламадым. 

«Мың теңгеге баспана акциясымен» басталған қор тек пәтер табыстаумен шектелмейді. Мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешекпен басқа да бұйымдармен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, биыл мектеп түлектері тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады. Нақтырақ айтсақ, жағдайы төмен жанға пәтер кілтін табыстады. 

ЕРЖІГІТ ШӘРІПБЕКОВ, АУДАН ӘКІМІ:

- Бұл енді үлкен іс-шара. Үлкен көмек. Осындай жомарт жандар көп бола берсін. Біздің ауданымызда да осындай жомарт жандар аз емес. Олар да өзінің үлесін қосып жатыр. 

Бүгінде Бәйдібек ауданында жалға берілетін 77  үй бар. Былтырғы жылы оны 14-і өз иесіне табысталды. Жалпы аудан көлемінде 615 адам баспана кезегінде тұр. Санаттары бойынша жеке тоқталсақ. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – 2, әлеуметтік жағынан әлсіз топтар санаты бойынша 288 адам бар.  Сондай ақ, 96 көпбалалы ана баспана алуға ниетті.