Сайрам ауданында этносаралық медиасауаттылықты арттыру мақсатында семинар өтті

246
28.06.2022 09:32

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында  этносаралық медиасауаттылықты арттыру мақсатында семинар өтті. Шараға БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде журналистердің этносаяси сауаттылығын арттырудың өзектілігі туралы ой-пікірлер қызу талқыланып, бұл бағытта ақпараттық және медиа сауаттылықты көтеру, фактчекингтің қажеттілігі сөз болды. 

Мамандар қоғамдық келісімді нығайту бағытында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ел тұрақтылығын сақтауда ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды екенін атап өтті. Қордаланған проблемалардың тағы бірі әлеуметтік желідегі сапасыз материалдар. Себебі дәл қазір ана тілінде сапалы контент жоқтың қасы дейді аға буын өкілдері. Айта кетейік басқосудан соң  белсенділік танытып жүрген журналистер марапатталды.

БЕЙСЕНКҮЛ  НАРЫНБЕТОВА, ЖУРНАЛИСТ: 

- Біз әлеуметтік желі арқылы ақпараттық саясат жүргізе алмаймыз. Ақпараттық саясат тек дәстүрлі бақ арқылы ғана жүреді. Контент деген мәселе бар. Спалы контент жасау деген нәрсе бар. Бізде осы сапалы контент деген нәрсемен түпкілікті айналысу қажет. Казір әлеуметтік желіде біреуді қорқыту үркіту, осындай  байбалам күйде кетіп бара жатыр.