ҰБТ-ға рұқсат етілмеген заттар алып кірген 300-ге жуық оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

309
28.06.2022 06:02

267 оқушы ҰБТ-ға шпаргалка, телефон алып кірген үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Оның ішінде 262 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Түлектердің 75,8% – қазақ тілінде, 24% - орыс тілінде, 0,1% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті.  Естеріңізге сала кетейік,  биыл тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша өтеді. Егер бұған дейін тестілеу процесін әр компьютердің жоғарғы жағынан бақылап отыратын бір камера ғана болса, енді тестіленушінің жеке басын сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші  камера орнатылған.