Қарапайым азаматтар компания акцияларын иелене алады

225
28.06.2022 05:41

Қарапайым азаматтар компания акцияларын иелене алуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында осылай деді. Жиын барысында ел Президенті ұлттық компанияларды ІРО -ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атады. 

Ол өз сөзінде елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет. Ол үшін халықаралық депозиторлармен өзара тығыз ықпалдастық орнату керектігін жеткізді. Сондай ақ, Мемлекет басшысы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, былтыр орнықты қаржыландыру нарығының көлемі 500 есеге ұлғайған. Яғни 250 миллион доллардан асты. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарын өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. ІРО-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болодырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек.