Түркістан
EN

Студенттерге кәсіби бағдар берілді

6
04.11.2026

Экономикалық тергеп -тексеру департаменті мен жетекші университеттердің бастамасымен еліміздегі 8 жоғары оқу орнына микробіліктілік бағдарламасы енгізілген. Жоба аясында студенттерге экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды анықтау мен қаржылық тәуекелдерді талдау әдістері оқытылады. Осы мақсатта, студенттерге қаржылық қауіпсіздік пен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізілді. Жиында қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану мен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері қозғалды. Сондай ақ, агенттіктің қызметі мен ведомствоға жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.